ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Жетістікке жету-сарқылмас сабыр мен темірдей төзім әкеледі. Қайтпас қажыр-қайрат пен зор ізденіс және де ең бастысы өз ісіне деген шексіз сүйіспеншілік арқылы ғана қол жеткізер құндылық.
Ұстаз деген ардақты мамандықтың мәртебесін аласартпай, саналы ғұмырының 21 жылының ұстаздық жолында Баетова Тұрған Жарылғасынқызы қоғамдық даму деңгейінен көрінетін, өз ісіне адамгершілік сезіммен қарайтын, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын тәлімгер ұстаз. Ол өмір талабына сай жас ұрпаққа білім беруде, бүгінгі күн жаңалықтарын игеруге көп көңіл бөліп үнемі ізденіс өсу үстінде көрінуде.
Тұрған Жарылғасынқызы - өз пәнін жетік меңгерген, оқушыға бағдармалалық материалды әсерлі баяндау, оны әр балаға ғылыми түрде, нақты және жете түсіндіру арқылы оқушыларды өз пәніне деген қызығушылығын арттыруды басты мақсат еткен өз ісінің шебері.
Баетова Тұрған Жарылғасынқызы 1986 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай елдімекенінде дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қарғалы ауданының В.И.Пацаев орта мектебінде физика және информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. 2003 жылы Құрман орта мектебін тәмамдап, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институын физика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы еңбек жолын ұстаздық жолдан бастаған Тұрған Жарылғасынқызы әлі күнге дейін шәкірт тәрбиелеп келеді. Шәкірттері республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтар болсақ, 2020 жылы 1 оқушысы «Зерде» шығармашылық конкурсының аудандық кезеңде үздік нәтиже көрсетіп, облыстық деңгейде мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының ХХІҮ Облыстық тәжірибелік конференциясында үздік нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар, 7-8 сыныптар арасында Республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларларына арналған олимпиада облыстық кезең бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жаратылыстану математикалық бағыттағы пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі бойынша ІІ дәрежелі дипломды иеленді.
Тұрған Жарылғасынқызы еңбек жолында облыстық педагогикалық олимпиадада жүлдегері атанып, алғыс хаттар мен дипломдарға ие болды. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» шығармашылық байқауында «Ең үздік физика пәнінің мұғалімі» және «Ең үздік информатика пәнінің мұғалімі» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
Ұстаз бақыты – шәкірт алғысымен келеді десек, Баетова Тұрған Жарылғасынқызы шәкірттердің алғысына бөленіп жүрген бақытты ұстаз. Сабырлы, салмақты мінезі, бейімділігі мен байыптылығы, ұйымдастыра білу қабілеттілігі бойынан анық көрінеді. Адамдық асыл қасиеттеріне еңбекте де, тұрмыста да кір келтірмей жүрген өнегеге толы ғұмыры жастарға, ұстаздарға үлгі – өнеге болып табылады. Жас ұрпаққа білім, тәрбие беру оңай жұмыс емес. Себебі, жас ұрпақтытың психологиясы мінез-құлқы, сезгені мен білгені, жанұяда ата-анадан алған тәрбиесі бірдей бола бермейді. Әр баланың өзіндік ерекшелігі болады. Біз әңгімелеп отырған ұстаз еңбекқорлығымен, мол ізденісімен шәкірт көңілінен жол таба білген ұстаз.
-
Фотографии
-