КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН АУДАНДЫҚ ЖАС МАМАНДАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Ақтөбенің Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен №1 Хромтау орта мектебінің базасында жас педагогтарға арналған “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға 5 жылға дейін еңбек өтілі бар 13 жас маман қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:
Бас жүлде:
Бегжан Намазбаев - №3 Хромтау орта мектебі математика пәні мұғалімі;
орын:
Сабина Амангелді - №4 Хромтау орта мектебі педагог-дефектологы;
орын:
Асхат Жұмағали - №6 Хромтау гимназиясы тарих-география пәні мұғалімі;
орын:
Айсана Әлім - №7 Хромтау мектеп-гимназиясы математика пәні мұғалім;
Бекайым Шүйіншбаева –№5 Хромтау гимназиясы көркем еңбек пәні мұғалімі.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйақылар мен алғыс хаттар, Түркістан қаласына туристік сапарға сертификаттар табысталды.
Жүлделі I, II орын иеленген жеңімпаз педагогтер 16 ақпан күні өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, педагогикалық олимпиаданың басты мақсаты - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін - өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
-
Фотографии
-