ЖАҢА БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында орналасқан «Жауқазын» бөбекжайының ұжымымен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының құқықтық қызметтері жөніндегі бас маманы Наталья Станиславовна Храмова және Түпқараған аудандық кәсіподақ филиалының төрайымы Жолдыбаева Гүлмира Мирқызы кездесті.
Шара барысында облыстық кәсіподақтың құқықтық қызметтері жөніндегі бас маман Н.Храмова ұжым қызметкерлерін кәсіподақ қатарына кіруге ынталандыру мақсатында, Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелері үшін 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы облыстық Келісімде көзделген қосымша артық-шылықтары жөнінде, кәсіподақ мүшесі мен кәсіподақ мүшесі емес қызметкердің айырмашылықтарын, сонымен бірге еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, құқықтық қызмет, әлеуметтік әріптестік, сауықтыру, кәсіподақ белсенділерін оқыту, қайырымдылық көмек және т.б. қызметтерді нақты түсіндірді.
Ұжым қызметкерлері тарапынан: жазғы сауықтыру ақысының төленуі, ауыр дене жұмыстарымен және еңбек жағдайларында зиянды және қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақының дұрыс төленуі т.б. көптеген сауалдар қойылып, оған тұшымды жауаптар қайтарылды.
Сөз кезегінде аудандық кәсіподақ филиалының төрайымы Гүлмира Жолдыбаева облыстық кәсіподақпен әлеуметтік әріптестікте аудандық білім бөлімімен біріккен, еңбек қатынастырын реттеу бойынша жұмыстардың атқарылып келе жатқанын айтып өтті.
Жиында жаңа кәсіподақ ұйымы құрылып, төраға және жұмыс органдары сайланды. Бірауыздан «Жауқазын» бөбекжай бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Досанова Ира Дәуітқызы сайланды.
Жаңа құрылған ұйымға кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етудегі жұмыста сәттілік тілейміз.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы филиалы
-
Фотографии
-