МАТЕМАТИКА МАМАНДАРЫ БАҚ СЫНАСТЫ
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру мақсатында өткен «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің 14 мұғалімі қатысты.
Жарыс Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен өтті.
Олимпиада нәтижесінде №2 Мәртөк мектеп гимназиясының мұғалімі Бақтыгүл Ұзақбаевабаева бас жүлдеге ие болды. Жүлделі І орын №4 Мәртөк орта мектебінің мұғалімі Аманжол Абдрахмановқа, ІІ орын №4 Мәртөк орта мектебінің мұғалімі Айгүл Мұртазаеваға және Сарыжар орта мектебінің мұғалімі Махсет Куанешовке, ал ІІІ орын Хлебодаровка орта мектебінің мұғалімі Дулат Аяпбергеновке бұйырды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
-
Фотографии
-