«ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай БҚО Шыңғырлау аудандық кәсіподақ мүшелері арасында «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді.
Аталған шараға 9 команда қатысып, нәтижесінде волейбол ойыны бойынша І орын Тасмола ЖОББМ-ң құрама командасы, ІІ-орын Шыңғырлау ЖОББМ-ң құрама командасы, ІІІ орын Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-ң құрама командасы жеңіске жетті.
Сонымен қатар, үстел теннисі ойыны бойынша І-орын Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-ң құрама командасы, ІІ орын Амангельды НОМ-ң құрама командасы, ІІІ орын Туризм және экология орталығының құрама командасы иеленді.
Жалпыкомандалық есебі бойынша І орын Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-ң құрама командасы, ІІ-орын Тасмола ЖОББМ-ң құрама командасы, ІІІ-орын Шыңғырлау ЖОББМ-ң құрама командасы жеңіп алды.
Барлық жүлделі орын алған командаларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, үздік ойын көрсетіп, шеберлік танытқан спортшыларға арнайы «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары және ақшалай сертификаттар табысталды.
«Денсаулық» спартакиадасын өткізуге қолдау білдірген Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаевқа аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының кәсіподақ мүшелері алғыстарын білдірді.
-
Фотографии
-