ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘЙЕЛДЕР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының жанындағы Әйелдер ісі жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Комиссия төрағасы Гүлзира Сүлейменқызы өткен жылы атқарған жұмыстарды қорытындылап, 2024 жылға арналған міндеттерді айқындады.
Комиссияның қызметін жетілдіру шаралары мен күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған жаңа тәсілдер мен жұмыс регламенті бекітілді.
Отырыс соңында облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнар Бабабекқызы Комиссия мүшелерін шұғылалы көктем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мерекелік жылы лебізін білдірді.
-
Фотографии
-