«КӘСІПОДАҚ: ТҰРАҚТЫ ҚҰРМЕТ, ТҰРАҚТЫ ҚОЛДАУ»
Аталмыш шараны «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау қалалық комитеті» филиалы тұрақты өткізеді. Осы жолы №35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп гимназияда өткен «Ана жүрегінің жылуы – сөнбейтін шырақ» атты шара білім қызметкерлері мен кәсіподақ белсенділеріне арналды.
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан»,– деп хәкім Абай айтқандай, шәкірттерінің әрбір тамаша еңбектерінің артында ұстаздың сіңіре білген еңбегі тұрғаны анық. Нағыз шебер ұстаз өз шәкіртіне сенім білдіреді. Олардың жылуына, өсіп-жетілуіне ықпал етеді. Осындай жүректері мейірімге толы өмірлік мектептен, білім алушымен ұштастыра білген салтанатты жиын қонақтарын айтулы мерекемен құттықтаған Атырау қалалық салалық кәсіптік одағы филиалының төрағасы Бағытжан Мұсағали Қазақстандық оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының марапаттары мен Атырау облыстық ұйым мен қалалық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарын табыс етті.
Атап айтқанда, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен: «Таңшолпан» бөбекжай бақшасының директоры Сара Мерекесова, Ломоносов атындағы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шынар Хамзинаға табыс етті.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының» «Құрмет грамотасымен» Ш.Уалиханов орта мектебінің директоры Ләззат Өтеуғали, «Алтын кілт» бөбекжай бақшасы директоры Сауле Кульжанова Сауле, М. Бекмұхамбетов атындағы орта мектебінің директоры Айнагүл Мажекова, «Еркетай» бөбекжай - бақшасының директоры Лаура Кдырова марапатталды.
Сондай-ақ, салтанатты жиында бір топ кәсіподақтың белсенділері мен үздік педагогтарға «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді.
Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фотографии
-