АНА МӘРТЕБЕСІ АРДАҚТАЛҒАН КЕШ
Жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, имандылық пен нәзік жандылардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 НАУРЫЗ - Халықаралық әйелдер күні.
Атаулы мереке қарсаңында Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Т.Жароков атындағы ЖОББМ акт залында аудандық білім беру бөлімі, аудандық кәсіподақ ұйымы және білім беру ұйымдарының ер азаматтарының ұйымдастыруымен «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік кешті осы мектептің түлегі, қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік Мектебінің директоры Айдарбек Айтпукешев онлайн түрде құттықтап, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев ұстаз-аналарды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, әр салада еңбек етіп қоймай, ұл-қыз тәрбиелеп, олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына ұйытқы болып жүрген аналарға құрмет көрсетті. Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен мекеменің асыл жандарын марапаттады.
Жәнібек аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Аққу Нұрғалиева Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының және облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатын табыстады.
Керемет әсер сыйлаған кеш «Ана туралы жыр» әнімен аяқталды. Ер азаматтар ардагер ұстаздарға гүл беріп, құрмет көрсетілді.