ЖЕҢІМПАЗ ҰСТАЗДАР КӘСІПОДАҚ СЫЙЫНА ИЕ БОЛДЫ
Мұғалім беделін көтеру, оның кәсіби шеберлігін шыңдау, білім сапасының өсуіне үлес қосу мақсатында физика пәні мұғалімдерінің арасында облыстық педагогикалық байқауы өтті. Байқауда жалпы білім беретін мектептерде жұмыс жасайтын 26 физика пәні мұғалімі сынға түсті.
Марапаттау шарасында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының маманы Айжарық Серімбетов байқау жеңімпаздарын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Байқауда бағын сынап, жеңімпаз атанғандар арнайы дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ, қатысушылар мен жеңімпаздарға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының тарапынан шипажайға және тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалар, ақшалай сыйақылар табысталды.
-
Фотографии
-