ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ІС ЖҮЗІНДЕ
Абай облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Н.Н.Абдулкәрімова облыстық білім басқармасының меңгерушілерімен бірлесе отырып, Уржар ауданының мектеп басшыларымен орынбасарларына және білім бөлім қызметкерлеріне "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйрық жобасын түсіндіру жұмыстарына қатысты.
Сондай-ақ, Н.Н. Абдулкәрімова Салалық деңгейде оқу-ағарту қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық және облыстық келісімдердің орындалуына тоқталды.
Осыған орай, ұжымдық шартқа салалықтағы және облыстық келісімдердегі қосымша жеңілдіктер мен төлемдер туралы толықтырулар енгізу керегін хабарлады.
Абай облысының кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-