БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТ ЖАРЫСЫНДА
Ағымдағы жылдың 26- 29 наурыз күндері «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалына қарасты педагог қызметкерлердің арасында «Волейбол» турнирі өткізілді. Турнирге қалалық білім беру мекемелерінің 40 командасы құрамында ерлер мен қыздар арасынан 400 педагог қызметкер қатысты. Жыл бойы өткен спартакиданың «Тоғызқұмалақ», «Дойбы», «Үстел теннисі», «Шағын футбол», «Шахмат», «Баскетбол», «Волейбол» спорттық жарыстардың түрлері бойынша қорытындысы шығарылды.
І орын иеленген №15 орта мектеп командасы жеңімпаз деп танылды. ІІ орынды Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі және Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп командасы ие болды. ІІІ орынға Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп, №14 орта мектеп-гимназиясы, М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО-мен ие болды.
Рейтинг бойынша жеңімпаз атанған мектеп командаларын «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Құлмұханұлы Төлепбергенов құттықтап, жүлделі орын алған командалар мен номинация иелеріне Талдықорған қалалық кәсіподақ ұйымы атынан Дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар, кубоктар табыстады.
Шараның басты мақсаты - спорт түрлерін дамыту, кәсіподақ мүшелерінің жұмысын жандандыру, кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсетіп, ынталандыру екенін Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Айым Ерікқызы атап айтты. Талдықорған қаласының мектептерінің педагогтары облыстық спартакиадаға дайындалып, қатысуға қызығушылық танытуда.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-