КӘСІПОДАҚҚА АЛҒЫСПЕН
Жыл сайын көктемгі демалыста Ұлан ауданының кәсіподақ мүшелері «Сарыағаш» шипажайында өз денсаулығын жақсартты. Мыне биыл да бір қатар мұғалімдер емделіп қайттық.
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанында бұл демалыс көптің көңілінен шықты. Шипайжайдың қызмет көрсету, емдеу, қолайлы жағдайлар жасалғаны және ең бастысы нәтиже ұнады.
Осыған орай денсаулығымызды жақсартуға мүмкіндік берген үшін, аудандық кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз.
Ұлан ауданының бір топ мұғалімі