БАЙҒАНИНДІК КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БОЛДЫ
Кәсіподақ мүшелерінің демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайту мәселесі ұдайы назарда. Осы мақсатта Байғанин ауданының педагогтеріне кәсіподақ есебінен шипажайларға тегін жолдама берілген болатын.
Педагогтардың тиімді әрі сапалы жұмыс атқаруы үшін оларға жақсы демалыс қажет. Денсаулығы мен моральдық-эмоционалдық жағдайы тепе-теңдікті сақтаған ұстаз ғана зерек шәкірт тәрбиелейді.
Байғанин ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен 30-ға жуық кәсіподақ мүшесі көктемгі демалыстарын Сарыағашта орналасқан «Айсары», Тараз қаласындағы «Мерке» шипажайында өткізді.
Аталған демалыс орындары кәсіподақ мүшелерінің бос уақытының пайдалы әрі көңілді өтуіне ерекше назар аударған. Мұнда кәсіподақ мүшелері әртүрлі емдік процедуралар қабылап, денсаулықтарын нығайтты. Сонымен қатар, шипажайда түрлі спорттық сайыстар, өнер байқаулары, ойындар ұйымдастырылған.
-
Фотографии
-