КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНДА ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ТӘРТІБІ
Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі еңбек дауларын шешудің заңмен белгіленген тәртібі болып табылады.
Жеке еңбек даулары еңбек заңнамасына сәйкес Келiсу комиссияларында шешiлуге тиiс.
Ағымидағы жылдың 1 сәуір күні "Облыстық санаторлық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрағасы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова және қәсіподақтың құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Наталья Станиславовна Храмовамен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты білім беру ұйымында Келісу комиссиясын құру, Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібін түсіндіру.
Сонымен қатар 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы облыстық Келісімде көзделген қосымша артықшылықтарды да атап өту.
Семинарға қатысушылар еңбек заңнамасы бойынша өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жауап алып, осындай оқыту семинарларын өткізудің қажеттілігі мен өзектілігін жеткізді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Жиын соңында Тарбия Анайбекқызы 100% кәсіподақ құрамында болып отырған ұжымымызға алғысын білдіріп, мекеме басшысына сәттілік тіледі.
Көтерілген мәселелердің оң шешімін табарына тілектестік білдірді
А.Жетіс,
Маңғыстау облыстық санаторлық мектеп-+интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
-
Фотографии
-