БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РӨЛІ
«Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласында семинар болып өтті.
Семинар спикерлері: Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Байымбетова Т.А. және Облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Храмова Н.С.
Семинар жұмысына Жаңаөзен қалалық білім бөлімі және мемлекеттік қызмет көрсету секторының меңгерушісі С.Ө.Сарбекова, Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы Р.С.Мұхашева , Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің Жаңаөзен қалалық мектепке дейінгі беру ұйымдарының директорлары, бөбекжай есепшілері, кәсіподақ төрайымдары, барлығы 67 адам қатысты.
Семинарда «Білім беру ұйымдарында келісім комиссиясын құру. Келісу комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі» тақырыбы сөз болды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Храмова Н.С. өз сөзінде педагог қызметкерлерге олардың нақты оқу жүктемесіне қарай жалақы төлеу туралы, заңдарға сүйену және олардың ережелерін сақтай отырып қол жеткізуге болатындығын айтты.
Қазақстан республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 8-бап 3-т. көрсетілген педагогтың айлық жалақысын есептеу ушін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесінің мектепке дейінгі ұйымдары үшін, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектеп алды топтары мен білім беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшін 24 сағат болатынын айтып өтті.
Бөбек жасындағы балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарымен таныстырды.
Салалық деңгейде оқу ағарту қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМде қарастырылған жеңілдіктер мен қосымшаларды тарқатып түсіндірді.
Келісу комиссиясы қандай еңбек дауларын қарайды? Қызметкерлер жеке еңбек дауы бойынша Келісу комиссиясына еңбекақы төлеу, басқа жұмысқа ауысу және басқа жұмыс орнына ауысу, лауазымдарды қоса атқару, жоқ қызметкерді уақытша ауыстыру, қоса атқару кезінде, үстеме жұмыс, түнгі уақыт, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшін еңбекақы төлеу, қолданыстағы төлем жүйесінде көзделген қызметкерге тиесілі сыйақыларды алу құқығы және мөлшері, өтемақы төлеу және кепілдіктер беру, демалыс беру, арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғану, емдеу-профилактикалық тамақтану құралдарын беру тағы басқа да мәселелер бойынша жүгіне алады:
Семинар соңында Келісу комиссиясы мүшелеріне сертификат табысталды.
Қойылған сұрақтарға «Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.А.Байымбетовамен облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Н.С. Храмова нақты жауаптар берді.
Жаңаөзен қалалық филиалы
-
Фотографии
-