ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗГІ ІС
Маңғыстау облысы бойынша әр аудан, қала кәсіподақ филиалдары білім бөлімдері, әкімшілікпен бірлесе отырып Төтенше жағдай орын алған аймақтардағы халықтарға көмек қолын созу мақсатында 2024 жылдың 6-шы сәуір күнінен бастап Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында бір миллион жарым адамға арналған келушілерді қабылдайтын пункттер дайындалды. Білім ошақтарынфң спорт залдары мен акт залдары, кабинеттерінде Ақтөбе облысы мен Атырау облысы, Құлсары қаласының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары керуеттермен, жатын төсек-орын, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіліп, орналастырылып, қабылдауда.
Зардап шеккен отбасылар балалары тізімге алынып, мектепте офлайн оқуда және мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтылуда, балдырғандар бөбекжайларға орналастырылуда. Мұнайлы ауданында 4 отбасы, 10 бала «Мерей» қонақүйіне орналасқан. Білім беру мекемелерінің психолог, әлеуметтік педагог мамандары әрбір отбасының жағдайларымен танысып, балаларымен жеке жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік шарасы ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда атқарылып жатырған жұмыстар, Мұнайлы ауданына 120 отбасы келді, «Мерей» қонақжайына 20-ға жуық отбасы, аудандық №26 жатақханаға 18 отбасы орналастырылды, қалған отбасылар жақын туыстарының үйлеріне тұрақтады. Ал олардың мектеп жасындағы балалары тізімге алынып, аудан мектептерінде білім алып жатыр. Соның ішінде мектеп оқушыларының саны -71.
Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жеке кәсіпкерлер азық-түлікпен және қажетті киім - кешектерді жеткізуде. №1 және №8 жалпы білім беретін мектептер жанынан ыстық тамақ пен оқу құралдары берілді. №7 жалпы білім беретін мектеп қызметкерлері қаражат жинап, қаржылай көмек берді. Аудандық оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қаржылай қаражат жинап, шаруашылық-тұрмыстық өнімдері мен кішкентай балаларға қажетті памперстер жеткізді.
Түпқараған ауданы бойынша: Жалау Мыңбаев мектеп - гимназиясы 60 адам жасөспірім қабылданды, 2 спорт залға орналастырылды. Төсек көрпе тамақтармен қамтамасыз етілді. З.Баймырзаев мектебі бір күндік жалақысын аударды. Ақшұқыр ауылына барлығы 189 адам, оның ішінде ересектер 72, кәмелетке толмағандар 117 бала орналасты.
Бейнеу, Маңғыстау аудандары, Ақтау қаласында эвакуациялық пункттер су тасқынына байланысты эвакуацияланған азаматтарды қабылдауда.
Қарақия білім бөлімі пункттерде 350 ерікті қызметкер дайындық жұмыстарын жүргізуде. 8 сәуірде ақтөбелік 40 отбасы Қарақия ауданының Құрық ауылына орналастырылады.
Жаңаөзен қаласында жалпы білім беретін мектептерге 230 адам орналасқан. Сонымен қатар, Каспий жоғары педагогика және салалық технологиялар, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар, Политехникалық колледждер, «Рай», «Жазира» қонақ үйлері және Жанарыс ЖШС азаматтарды қабылдауға дайын екендігін қаперге береді.
Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қайырымдылық көмек жұмыстары жалғасын табады.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-