БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ БАҚ СЫНАСТЫ
Ақтау қаласы бойынша білім беру ұйымдарының директорлары арасында волейболдан қалалық турнирі өтті.
Жарысқа мектеп директорлары мен мектепке дейінгі ұйым директорлары және білім беру ұйымдарынан 10 ойыншыдан құралған барлығы 4-команда қатысты.
Жарыстың мақсаты қалалық білім беру ұйымдары арасында спортқа деген көзқарастарын күшейту және дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыта отырып, өзара ынтымақтастық байланыстарын дамыту.
Төрешіліер қатысушыларға ойынның ережелерін, қауіпсіздік шараларды сақтау керектігін ескерте келе, ойыншыларды командаға бөлді.
Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Жарыстың барысында білім беру ұйымдарының директорларының арасында спортқа деген қабілетті, қызығушылығы басым диреторларлардың бар екендігі байқалды.
Жарыстың жабылу салтанатын Ақтау қалалық білім бөлімінің басшының уақытша міндетін атқарушы Т.Кульметенова мен Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Енсегенова жарыстың өте тартымды өткендігін, сонымен қатар белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіре келе, команда жеңімпаздарына диплом және спорттық заттар табысталды.
Сонымен қатар жасы 60 - тан асқан мектеп директорларының үздік ойнағаны үшін сыйлық сертификаттармен марапатталды.
Жарыс соңында бірлесе ұйымдасқан іс-шараға қатысушылар тарапынан ризашылықтарын білдіре келе, қолдаушы кәсіподақ ұйымына ризашылықтарын білдірді.
Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жалғасын таба берсін!
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-