
ЖАЙЫҚ ЖАҒАСЫНДА – БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
Атырау облысындағы табиғат апаты су тасқынына қарсы күресте аймақтың білім саласы кәсіподақ ұйымының мүшелері белсенділік танытып отыр. Күн сайын еріктілер қатарында Мақат ауданынан 50, Индер ауданынан 507, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен 2000, Махамбет ауданынан 800, Атырау қаласынан 4 000, Құрманғазы ауданынан 2000, Исатай ауданынан 300 адам уақытпен есептеспей Жайықтың жағалау беттерін бекітуде күш салуда.
Олардың күнделікті тұтынар азық-түліктерін дайындауға да зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарымыздың бар екендігін мақтан етеміз.
Білім саласы кәсіподағы мүшелерінің екпінді қызметтері туралы хабарлар «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси, республикалық салалық кәсіподақтардың басылымы «Ұстаздық еңбек» газеттерінде және әлеуметтік желілілерде үздіксіз жарияланып отыр.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерелерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фотографии
-