МАҢҒЫСТАУЛЫҚ МАМАН – ЖЕҢІМПАЗ!
«Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің қаулысымен 2024 жыл «Лайықты еңбек жылы» деп жарияланды. Негізгі міндет-қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек ортасын құру. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау - Салалық кәсіподақ жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Салалық кәсіподақтың «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» республикалық жыл сайынғы байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінде жерлесіміз, кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары арасында: Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің еңбек қауіпсіздігі жәнееңбекті қорғау инженері Жұмабеков Ертай Сәрсенұлын І орын жүлдесімен құттықтаймыз.
Алдағы уақытта да кәсіподақ қозғалысы қызметінде шығармашылық табыстар, еңбектеріңіз еленіп, биік асулардан көріне беріңіздер дейміз!
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігіне осындай кәсіби байқауды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін жерлестеріміздің атынан кәсіподақ қозғалысындағы еңбектің бағаланғаны үшін үлкен Алғысымызды білдіреміз. Кәсіподақ күші - бірлікте!
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы