СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАЛҒАСУДА
Айтып келмейтін табиғи апаттан зардап шегіп, қиыншылыққа ұшыраған кәсіподақ мүшелеріне көмектесу - кәсіподақ жұмысындағы басымдықтардың бірі.
Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Қасенова Самар және Үлкен Нарын аудандарына сапар барысында су тасқынынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Самар ауданындағы Самар аграрлық-техникалық колледжінің жұмысшысы А.С.Сарбасовқа, Үлкен Нарын ауданы ауылдық лицей мұғалімі А.С.Кабдуалиеваға, білім бөлімі әдіскері Э.К.Қабдуалиевке, музыка мектебінің мұғалімі А.М.Салықшиновқа ақшалай көмек табыстады және өз сөзінде кәсіподақ әр қашанда мүшелеріне қол ұшын созуға дайын екендігін айтып, алдында жақсы күндер болатынына сенімдік білдірді.
Осыған байланысты Алтай ауданы Соловьево ауылында үш кәсіподақ мүшелеріне (Н.Ф.Сосновская, А.И.Коровяк, В.А.Коровяк) жергілікті кәсіподақ бюджетінен қайырымдылық көмек көрсетілді.
Шығыс Қазақстан облысыныӊ өзендері мен су айдындарында су деӊгейі көтерілуіне байланысты жергілікті кәсіподақ ұйымы күнделікті ақпарат жинақтап, көмек көрсетуді жалғастыратыруда.
-
Фотографии
-