ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР ӨТТІ
Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне байланысты білім беру ұйымдарындағы техникалық инспектор арасында "Еңбек қауіпсіздігі сенімді жұмыс кепілі " тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарда аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Зейнел Бекетов білім беру ұйымдарында еңбекті қорғаудың барлық шарттары сақталуын, мекемелерде ұжымдық шартта белгіленген талаптар мен кепілдіктердің толық орындалып жатқанын еңбекті қорғаудың басқару жүйесін реттейтін еңбек заңнамасының ережесін түсіндірді.
Семинарда М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің техникалық инспекторы Ардаш Жармедетов, Т.Шевченко атындағы орта мектебінің техникалық инспекторы Жайнагүл Өтешова еңбек қауіпсіздік туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, қатысушылармен бірге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Кәсіподақ мүшелерінің өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатындағы нәтижелі еңбектері үшін техникалық инспекторларға облыстық, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының марапаттары табысталды.
-
Фотографии
-