ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезекті Атқару комитетінің отырысына Жергілікті кәсіподақ филиалдары мен тікелей бағыныстағы құрылымдық бөлім жетекшілері, құқықтық инспекторлар қатысты.
Мәжілісте ең алдымен 2024-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік актілерінің (Келісім мен Ұжымдық шарттар) қорытынды жобасы туралы Кәсіподақтың құқықтық қызметінің жетекшісі Әлия Джолшибекова ақпарат берсе, білім саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестеріне сыртқы және ішкі қаржылық талдау нәтижелері бойынша бірқатар санаттағы қызметкерлердің әлеуметтік актілермен көзделген қосымша кепілдіктеріне қатысты туындаған түйткілдерді құқықтық реттеу барысы туралы Кәсіподақ төрағасының орынбасары Жанболат Орынбеков мәлімдеді. Ал «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының VІІІ облыстық фестивалін ұйымдастыру мен өткізу қорытындысына фестивальді Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Бейбіт Бекназаров тоқталып, сараптама жасады.
Сондай-ақ, жиын барысында сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдерін сауықтыру барысы және «ЖАЗ - 2024» маусымдық сауықтыру шаралары пысықталды.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.
-
Фотографии
-