ШАЛҚАРДА ЕР АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ақтөбе облысының Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай білім беру ұйымдары қызметкерлерін марапаттау шарасы өтті.
Салтанатты шара барысында білім беру саласында өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру жолында шығармашылық жетістікке жеткен бірқатар қызметкерлерге Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы табысталды.
Сонымен қатар, білім беру саласының жаңашыл бағытта дамуына үлес қосып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, шығармашылық ізденіс жолында ұзақ жылдар абыройлы да жемісті еңбек етіп келе жатқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хаты және шипажайға жолдама тарту етілді.