СЫРЫМ АУДАНЫНДА «АНАЛАР КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ
Биылғы жылы тұңғыш рет Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықтырылып, мамыр айының екінші жексенбісі болып белгіленді. Аналар күні әлемнің 20 дан астам елінде атап өтіледі.
Елімізде алғаш аталып отырған «Аналар күніне» орай Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде БҚО, Сырым аудандық білім беру бөлімі кәсіподақ ұйымымен бірге Анаға құрмет» тақырыбында аналар форумы өткізді. Форумға көпбалалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, патронат аналар қатысты. Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев, аудандық кәсіподақ комитеті-Филиалының төрайымы Лаззат Тапаева, білім беру бөлімінің әдіскері Берік Молдахметұлы және Ж.Досмұхамедов атындағы МББК директоры Нұржауған Кулмуханова қатысып аналарды мерекемен құттықтай отырып, аналардың ұлт тәрбиесінде алар орнына тоқталып өтті.
Кеш тізгінін аудандық кәсіподақ ұйымының, әйелдер қауымдастығының төрайымы Мәншүк Ғарифоллақызы жүргізді. Форум аясында отбасылық құндылықтар насихатталып, жанұядағы тыныштық пен береке, отбасы беріктігін нығайту мен өскелең ұрпақты саналы етіп тәрбиелеуде асқар тау әкелерді алдыңғы орынға қоя отырып, отбасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік салтанат құруындағы әйел-ананың рөлі туралы әңгіме өрбітіліп, қатысушы қонақтар ашық пікір алаңында ой бөлісіп, өмір жолдарынан өнегелі әңгімелерін ортаға салды.
Шараға ауданға танымал «Ақниет» әжелер ансамблі және Сырым аудандық музыкалық мектеп ұжымы шәкірттерімен бірге өнерлерімен кештің шырайын кіргізді. Форумға қатысушы аналарға кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табысталды.
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы
-
Фотографии
-