ГЛУБОКОЕ АУДАНЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ
Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің Глубокое аудандық кәсіподақ ұйымында кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, білім саласының ардагерлері мен кәсіподақ мүшелері қатысты.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Мусина өз сараптамасында бес жыл көлемінде қандай жұмыс жасалғаны туралы есеп беріп, кәсіподақ алдында тұрған өзекті мәселелер туралы айтты.
Шараға облыстық кәсіподақ ұйымының төраға орынбасары Е.Крупко қатысып, делегаттарды жергілікті кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Жиын барысында делегаттар күн тәртібіндегі барлық сұрақтар мен жарыссөзге шығып сөйлеушілердің ұсыныс-пікірлерін бірлесе талқылады. Конференция делегаттары бірауыздан ашық дауыс беруімен білім беру қызметкерлерінің Глубокое аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Мусина Айгуль Батихановна қайта сайланды. Бұған қоса, барлық жұмыс органдары құрылып, жұмыс тәртібі нақтыланды.
Шара соңында кәсіподақ жұмысына белсенді ат салысып жүрген қызметкерлер марапатталды.
Айгуль Батихановнаға алдағы жұмысы жетістіктерімен толы болсын деп, тілек білдіреміз.
-
Фотографии
-