КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Ағымдағы жылдың 13-17 мамыр аралығында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстағы аудандық, қалалық филиалдардың құрамындағы білім беру мекемелерінің жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы мүшелерін оқытуға арналған семинар өткізілді.
Оқыту семинарына Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Мамашиқызы Қыдырбаева арнайы қатысып, еңбек ұжымында туындаған мәселелердің қаралу тәртібі мен комиссия мүшелерінің құқығы, келісу комиссиясының қызметін реттейтін құжаттары, жұмыс тәртібі, нормативтік- құқықтық актілері, заңнамалар туралы толық ақпарат берді.
Келісу комиссияның 1733 мүшесі біліктіліктерін арттырып, мазалаған сұрақтарына жауап алды.. Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті. «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Тулепбергенов кәсіподақ белсенділері атынан пайдалы ақпарат үшін Райхан Мамашиқызына алғысын білдірді.
-
Фотографии
-