КҮН ТӘРТІБІНДЕ – БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні «Жетісу» жергілікті кәсіподағы мен Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен облыстағы аудандық, қалалық филиалдардың және облыстық кәсіподақ ұйымына тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының техникалық инспекторларына арналған «Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі инспектордың рөлі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында 2018 жылғы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы атанған Ескелді аудандық техникалық инспекторы Абдуллин Рамиль Хакимұлы білім беру ұйымдарында еңбекті қорғауды ұйымдастыру, еңбеккерлерге қауіпсіз жағдай жасау бағытындағы тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар белсенді түрде талқылау жүргізіп, еңбек ұжымында туындаған мәселелердің қаралу тәртібі, техникалық инспекторлардың қызметін реттейтін құжаттары, жұмыс тәртібінде басшылыққа алатын нормативтік- құқықтық актілері, заңнамалар туралы мазалаған сұрақтарына жауап алды.
-
Фотографии
-