КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Маңғыстау облысы, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының кәсіподақ мүшелері үшін 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы облыстық Келісімде көзделген қосымша артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кезекті жиынға облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы және кәсіподақтың құқықтық қызметтер жөніндегі маманы Сүлейменов Рүстем Досымжанұлы, ұжым басшысы, орынбасарлары, есепші, экономист, кадр мамандары қатысты.
Жиын өз деңгейінде тартымды өтті. Облыстық Келісім бойынша қосымшада көрсетілген артықшылықтар мен қосымша кепілдіктері түсіндірілді. Қойылған тұрлі сауалдарға нақтылы жауаптар берілді. Сұрақтардың басым көпшілігі мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақысы туралы болды.
Жиынға қатысушылар облыстық келісіммен ұжымдық шарт бойынша нақты түсіндірген облыстық кәсіподақ комитетінің мамандарына ризашылықтарын білдірді.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы.
-
Фотографии
-