«СПАРТАКИАДА – 2024» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
2024 жылдың 27 мамырында Өскемен қаласы жоғары политехникалық колледжінде Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына арналған облыстық ХI спартакиадасының финалы өтті.
Волейбол мен үстел теннисі бойынша жарыс тартысты өтті.
Финалдық сайысқа аймақтық ойындарда I орын алған Өскемен, Катонқарағай, Ұлан және Зайсан командалары қатысты.
Спартакиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:
1 орын – Өскемен кәсіподақ ұйымының командасы;
2 орын – Ұлан ауданы кәсіподақ ұйымының командасы;
3 орын – Зайсан ауданы кәсіподақ ұйымының командасы;
4 орын – Катонқарағай ауданы кәсіподақ ұйымының командасы.
Облыстық кәсіподақ ұйымы жеңімпаз командаларға кубок, грамоталар және «Алакөл» көлінің демалыс базасына тегін жолдама сертификаттарын табыс етті. Спартакиада ойыншыларының барлығы (60 адам) жазғы мерзімде демалып, денсаулықтарын нығайтады. Волейбол жарысының нәтижесінде номинация жеңімпаздары анықталды. «Үздік шабуылшы» - Мерей Айбеков, Өскемен қаласы және «Үздік байланыстырушы» - Ерік Рүстемов, Ұлан ауданы. Жеңімпаздар Дипломдармен, сыйақылармен марапатталды.
Жекелей үстел теннисінде жеңімпаз атанған кәсіподақ мүшелері және финалдық ойынды өткізуге ат салысқан төрешілер, ұйымдастырушылар, медициналық қызметкерлер де Алғыс хаттар мен сыйақылармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға белсенді жарыс үлгісін көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!
-
Фотографии
-