БАР ЖАҚСЫЛЫҚ-БАЛАЛАРҒА!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы 15 ЖББМ Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаларды махаббатпен қорғайық» атты республикалық акциясы аясында «Мен сенің бәсекелесіңмін!» атты спорттық шара өткізді.
Шараның мақсаты – балалар арасында достық атмосфера қалыптастыру, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Науқан аясында сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында балаларға түрлі ойыншықтар мен оқуға қажетті кеңсе тауарлары табысталды.
Мерекеге орай өткізілген шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды, шара соңында балаларға балмұздақтар үлестірілді.
О.Ишанбаева,
№15 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы.
-
Фотографии
-