ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК БЕРДІ
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімімен 2024 жыл «Лайықты еңбек жылы» деп жарияланды. Осы ретте кәсіподақ мүшелерін еңбек қауіпсіздігі мен лайықты жалақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестікті нығайту сияқты мәселелер жіті назарда.
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің негізінде Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектепте, Аққкемер жалпы білім беретін орта мектепте, Елек негізгі орта мектебінде және “Жансая”, “Әділ”, “Самал” бөбекжай-балабақшаларында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.
Жұмыс барысында Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева іс-қағаздардың дұрыс толтырылуы мен еңбек заңнамасының орындалуын қадағалады. Сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі еңбек кітапшаларының жүргізілуі мен еңбек шарттарының, ұжымдық шарттарының орындалуына жіті назар аударып, әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар кәсіподақ төрағасы аталған білім беру ұйымдарындағы ұжым мүшелерімен кездесу барысында жаңа әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің орындалуы туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
-
Фотографии
-