ӨЗ ІСІНІҢ МАМАНЫ
Кез келген мамандықтың өзіне тән қызығы мен күрделі тұстары болады. Сондықтан өз ісінің маманы атану көп еңбектеніп, ізденуді қажет етеді. Өз ісінің маманы, көпшіліктің адамы бола білген абзал жандардың алдыңғы легінде Оспанова Сания Ерсінбекқызын атауға болады.
Сания Ерсінбекқызы 2013 жылы Ұлан ауданы, Қасым Кайсенов кенті «Айжұлдыз» бөбекжай-балабақшасына жұмысқа келді. 1987 жылы Мұхтар Ауезов атындағы Семей педагогика училищесінде "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандығын алып, еңбек жолын мектепке дейінгі білім саласынан бастап, бала тәрбиесінде үздіксіз 33 жыл қызмет етіп келеді. Осы жылдар аралығында жас ұрпақты саналы да, салауатты етіп тәрбиелеу жолында ерінбей еңбек етіп, шығармашылығын шыңдап, саналы өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне арнап, балалар мен ата-аналардың ықыласына бөленуде.
2008-2016 жылдар аралығында «Айжұлдыз» бөбекжай-балабақшасында кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарған Сания Ерсінбекқызының ұйымдастырушылық шеберлігі мен еңбекқорлығын бүкіл ұжым болып қатты бағалады. Өз ісіне де кәсіподақ жұмыстарына да үлгеріп, жұмыстарын тиянақты тындырып отырды. Еңбек жолында бірінші санаттағы білікті тәрбиеші Сания Ерсінбекқызы көптеген марапаттарға ие болды. Ол өзінің мектепке дейінгі қызмет саласындағы мол тәжірибесін өзге де тәрбиешілермен, жас мамандармен бөлісіп, үйретуден жалыққан емес.
Ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беріп, ұжымда жастарға қамқоршы ұстаз бола жүріп отбасында ұл, қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана ретінде құрметке бөленген Сания Ерсінбекқызына алдағы уақытта да табыстарға жетіп, абырой арта беруіне тілектестік білдіреміз.