АЛҒАЛЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ
Білім саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғау үнемі кәсіподақ назарында. Бала бағбаны атанған ұстаздардың әлеуметтік мәселелерін шешу күн тәртібінен түспейді. Мұғалім еңбегін бағалап, оларды жан-жақты көтермелеу – негізгі бағыт.
Мұндай мүмкіндік Ақтөбенің Алға ауданының педагогтарына да жасалып отыр. 70-тен астам педагог жазғы демалысты Сарыағаш қаласындағы «Көктерек», Сайрам ауданындағы «Манкент», Қостанай облысындағы «Сосновый бор», Тараз қаласындағы «Тауқымыз» және өңіріміздегі «Шипагер» шипажайларында өткізді.
Емдеу-сауықтыру шараларынан білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін әдіскерлер, кітапханашылар, күзетшілер, кіші қызметкерлер де тыс қалмады.
Айта кетейік, шипажайларға барған демалушылар үшін диеталық тағамды қосқанда бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылған. Сонымен қатар, шипажайда физиотерапия, фитотерапия, емдік массаж, пант және селен ванналары және тағы да басқа қызметтер бар. Демалыс орындарында кәсіподақ мүшелерінің бос уақытының пайдалы, әрі көңілді өтуіне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ түрлі спорттық сайыстар, өнер байқаулары мен ойындар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар Алға ауданының 20 кәсіподақ мүшесі көне шаһарлардың бірі Түркістан қаласына сапар шегіп, киелі өлкенің кереметтерін көріп келді.
-
Фотографии
-