ОЙЫЛДЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛАДЫ
Жазғы уақытта Ақтөбенің Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы осы салада ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелерінің шипажайларда тегін демалуына мүмкіндік жасады. Олардың арасында педагогтермен қатар, мектеп директорлары, кіші қызметкерлер де бар.
Қазіргі таңда жазғы демалыс кезінде Ойыл ауданының білім қызметкерлері Сарыағаш қаласындағы «Айсары» және «Саруар» шипажайында демалса, алдағы күндері кәсіподақ мүшелерінің бірқатары Қостанай облысындағы «Сосновый бор», Алға ауданындағы «Шипагер» емдеу-сауықтыру орталығында демалуға мүмкіндік алып отыр.
Демалушылар демалыс барысында ауруға ем, сауға қуат беретін емдік-сауықтыру шаралары: ас қорыту, қан айналымы ағзаларын, эндокриндік жүйе, аяқ, қол, буын, жүйке жүйесі ауруларына ем қабылдады. Сонымен залдарда жаттығулар жасап, шипажай аумағында таза ауада серуендеді.
-
Фотографии
-