КӘСІПОДАҚ БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы өңірдегі білім саласындағы қызметкерлердің балаларының жазғы демалысын ұйымдастырды. Аймақтағы 60 оқушы Каспии теңізі жағалауында орналасқан «Каспии Дарыны» балалар лагерінде тынықты.
Балаларға арналғантүрлі бағдарламалар әзірленіп, демалыстың көркін аша түсетін түрлі ойындар ойнатылды. Танымдық ойындар мен сахналық қойылымдар балалардың бойына құндылықтарды дарытып,ерекше сезім сыйлады. Оқушылар жаңа достармен танысып, демалыстан үлкен әсермен оралды.
Балалардың демалысын жоғары деңгейде ұйымдастырған кәсіподақ ұйымына ата-аналар тарапынан жылы лебіздер айтылды.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-