ЖАС ҰСТАЗДАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДЕ БАСҚОСТЫ
30 шілде мен 1 тамыз аралығында Түркістан облысының «Ақсу демі» шипажайында Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен жас ұстаздарға арналған «ProRestTeacher» (Ұстаздардың кәсіби демалысы) жазғы лагері өтті.
Жазғы лагерь жұмысына 60-қа жуық кәсіподақ мүшесі-жас ұстаздар қатысты.
Шараның мақсаты - саладағы жас кәсіподақ көшбасшыларын анықтау; кәсіподақ қозғалысында жастар саясатын одан әрі дамыту; көшбасшылар мен белсенділерді тарту арқылы жастар арасында кәсіподақтың оң имиджін дамыту; сондай-ақ патриотизм, рухани мәдениет сезімін өркендету.
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының шақыруымен Орталық комитеттен Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мамандары Индира Сақауова мен Асан Бітімбай қатысты. Орталық комитет өкілдері Салалық кәсіподақ жанынан құрылған Жастар ісі жөніндегі кеңестің қызметі туралы ақпарат беріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстың жас ұстаздары қойылған сұрақтарға жауап алып, кездесуде көтерілген көптеген мәселелерге қатысты ой-пікірлерін білдірді, ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар, қатысушылар алдында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Рекрутинг және мансап басқармасының бас маманы Асқат Мырзабай — «CHAT GPT – жасанды интеллект»; Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы — «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы»;
Облыстық психологиялық қолдау орталығының басшысы Жұмагүл Баянова — «Балада дұрыс репродуктивті денсаулықты қалыптастыру» тақырыбында ақпарат беріп, тренингтер өткізді.
Шараның жабылу салтанатында Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Есқалиева кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі - жастармен жұмыс болып табылатынын, кәсіподақ тарапынан жас кәсіподақ кадрларын даярлау және жас кәсіподақ көшбасшылары қатарынан кадр резервін қалыптастыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. Сөз соңында барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, Алғыс хаттар табыстап, белсенді қатысқан ұстаздарды арнайы номинациялармен марапаттады.
-
Фотографии
-