КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ДЕМАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жазғы демалысты ұйымдастыру және өскелең ұрпаққа ұлт тарихын ұлықтауға, құрметтеу мақсатында Ұлан ауданы «Абай атындағы орта мектебі» КММ ата-аналары, оқушылары, кәсіподақ ұйымының мүшелері мен балалары бірігіп Алматы-Түркістан бағыты бойынша саяхаттады.
Саяхат барысында Түркістан қаласындағы көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші - Арыстанбаб, Домалақ ана кесенесі - көпшілік тәу етер қасиетті орыны, Жамбыл облысындағы Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерді аралады.
Аталған саяхаттау бар¬лығы қастер тұтқан киелі орындардың маңызын ашып, жас ұрпақтың бойында патриотизмнің қалыптасуына өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Сыр бойында алып шаһарлармен қатар бабаларымыздың мәңгілік мекен тапқан қаншама кесенелері бар екенің, қазақ халқы қашанда ол орындарды қасиетті санайтыны анық. Қанша ғасыр өтсе де, қабырғалары сақталып, ел мұрасы екендігі даусыз.
Мейрамгүл Аманжолқызы, бастауыш кәсіподақ төрағасы «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы Шығыс Қазақстан облысы.
-
Фотографии
-