ҰСТАЗДАР ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мүшелері биыл жазғы демалыстарын «Көктем», «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру орталықтарында және «Тұран» демалыс базасы ШҚО табиғи өлкесінің інжу-маржаны болып табылатын Алакөл емдік тұзды көлінің жағасында тынығып, ем алып келді.
Ұстаздардың айтулары бойынша ерекше демалыс болды – «Біз денсаулықты жақсарттық, иммунитетті нығайттық және бір жыл бойы сергектік орнаттық, ем ғана қабылдамай көрнекті жерлерді көріп, басқа аймақтардан келген әріптестермен танысып, көкжиегімізді кеңейттік, осылайша керемет демалуға мүмкіндік берген кәсіподақ ұйымына ризашылығымызды білдіреміз», - деді ауданының ұстаздары.
Аталған шипажайлар заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Кәсіподақ мүшелері күнделікті түрлі дертке шипа болатын ем қабылдады және Алакөлде болған ұстаздарда суға түсіп, күн сәулесінен ләззат алды.
-
Фотографии
-