КӘСІПОДАҚ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен өтетін жаз мезгілі аяқталып, бірер күнде жаңа оқу жылы басталады.
Жаз айларында балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтуларына, жаңа оқу жылын тың күшпен бастауларына қолайлы жағдай жасау үшін «Жетісу» жергілікті кәсіподағы аудандық кәсіподақ филиалдарымен бірлесіп, өңіріндегі білім қызметкерлері балаларының жазғы уақыты тиімді өтуіне барынша қамқорлық жасады.
Жазғы каникул аяғына дейін балалар кезең-кезеңмен Алакөл жағажайындағы «Жалын» лагерінде , Панфилов ауданындағы «Қарлығаш» сауықтыру лагерінде, Ескелді ауданындағы «Көктөбе», Текелі қаласындағы «Алтын Чажа» лагерінде жалпы саны - 88 бала демалып, шынығып ширап қайтты. Он күнге жоспарланған демалыс кезінде ұл-қыздар тынығып қана қоймай денсаулығын нығайтып, жаңа достар тауып, қызыққа кенеліп, ұмытылмас әсер алғаны сөзсіз.
-
Фотографии
-