«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ НАУҚАНҒА ҚАТЫСТЫ
Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы - оқушыларды мектепке дайындауға арналған игі шаралардың бірі.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының бастамасымен жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында барлық өңірлердегі кәсіподақ ұйымдары аталған науқанға белсенді қатысады.
«Жетісу» жергілікті кәсіподағы дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясын биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» тақырыбымен өткізуде. Салалық кәсіподақпен бірлескен «Жетісу» жергілікті кәсіподағының бюджетінен бөлінген қаражаты білім беру ұйымдарында қызмет ететін кәсіподақ мүшелерінің көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп формасын, сырт киім, аяқ киім алуға жұмсалды.
Акция аясында 25 балаға материалдық көмек көрсетілді. Балалар мен ата-аналар кәсіподақ ұйымының қамқорлығы үшін үлкен алғыстарын білдіруде.