КӘСІПОДАҚ ҰСТАЗДАР ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Тамылжыған тамыз айының соңына қарай Нұра ауданының мұғалімдеріне күтпеген тосын сй жасап, Нұра аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы Бурабайға керемет демалыс ұйымдастырып берді. Қазақтың Швейцариясы атанған көрікті жер жасыл орманы мен өзен көлі, тамаша табиғатымен, таза ауасымен жанымызға дауа болды десем артық айтқандық болмас. Бурабайдың бетке ұстар мақтанышы Жұмбақтас құзы су ішінен суырылып шығып, Оқжетпес құзы ұшар басындағы пілге ұқсайтын шыңымен көз тартты.
Бөлектаудағы орманды алқап шыңы айналаны алақандағыдай айшықтай түсті. Абылайхан алаңын, музейі мен қорықтарын аралап қазақтың бай да сұлу табиғатын көріп тамашалап қайттық. Аптаның ортасы болғанымен де демалушылардың көптігі Бурабайдың абыройының асқақтығын байқатты. Бурабай жері тарихи аңыз-әңгімелерге толы. Сәкен жырлаған сұлулыққа қанып, рухани демалып елімізге аман-есен оралдық. Десе де, жолаушының серігінің серілігі бір бөлек. Демалуға барған әр ұстаз ерекше сезімде, керемет көңіл күйде болды. Жаңа оқу жылының алдында біздерге бұл демалыс тың серпіліс берді. Мұндай шара осыған дейін де бірнеше мәрте ұйымдастырылған болатын. Әлі де ұстаздар үшін бар жағдай жасалады деген сенімдемін. Осы орайда Нұра ауданы мұғалімдер кәсіподақ ұйымына шексіз ризашылығымызды білдіргім келеді.
Н.Нақыпова,
Қарағанды облысы
Нұра ауданы
-
Фотографии
-