БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ
«Мектепке жол» акциясы Батыс Қазақстан облыстық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып отырады.
Жаңа оқу жылының қарсаңында акция аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен әлеуметтік мұқтаж топтардың балаларына, оларды мектепке дайындауға бағытталған қажет құрал – жабдықтарға толы сөмкелер табысталып, облыс бойынша 497 бала қамтамасыз етілді. Ата – аналар мен балалар үлкен ықлас пен ризашылықтарын білдіріп, кәсіподақ жұмысының дамуы мен нығаюына тілек білдірді.
Бұл іс-шара балалар үшін де, ата-аналар үшін де үлкен қолдау, көмек болатыны сөзсіз. Облысымызда акция әлі де жалғасын таппақ.