КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА
Елімізде әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы оқушыларды қолдауға арналған республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасуда.
Акция аясында аз қамтылған, жалғызбасты аналарды және көп балалы отбасыларының балаларын мектепке дайындауға «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау қалалық комитеті» филиалы атсалысты.
«Мектепке жол –шекарасыз жақсылық» тақырыбындағы шара шеңберінде Атырау қалалық салалық кәсіподақ комитеті 40 оқушыға қаржылай көмек берді. Акцияға қатысқан ата-аналар А. Смайлова, А.Жиенғалиева, К.Кабасова, И.Есекенова, Т.Төлегенова, И.Удербаева, А.Мұқанова және т.б. жаңа оқу жылына толағай табыстар тілеп, акцияны ұйымдастырушыларға ыстық-ықыласқа толы жылы лебіздерін білдірді.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау қалалық комитеті» филиалы