ҮЗДІК БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ САЙЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жыл сайын білім мекемелерінің жаңа оқу жылына қаншалықты дайын екенін айқындап (техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, мектептің жайлылығы т.б) сайыс ретінде өткізіп ең үздік білім мекемелерін анықтайды. Осындай сайыс арқылы әр ұйым оқу жылына ерекше дайындалып, ерекше күшпен жігерленіп, бүкіл мектепті гүлдендіріп, мектеп қабырғасында білім сусындатып өсіп өніп келе жатқан тәрбиеленушілерге үлкен сүйіспеншілік, құрмет көрсету, әлбетте ұжымның да жұмысқа деген ынтасы деп біледі.
Сайыстың қорытындысы бойынша 2024 жылы білім мекемесін ең үздік дайындаған үшін «Прогресс орта мектебі» КММ Гран-при номинациясына ие болды. Мектеп директоры Муратбекова Рыскүл Муратбековна өз ісіне тиянақты, ұжымды алға, биік шындарға жетелеп келетін білікті басшы. Рыскүл Муратбековна өз сөзінде – «Ұжыммен біз бірміз- біз күшпіз» -дейді. Ендеше барлық ұжымға – «Істеріңіз оң болсын, жаңа табыстарға ие болыңыздар» демекпіз.
Барлық қатысқан ұйымдар мен жұмысшылар Алғыс хаттармен марапатталып, сый сияпатқа ие болды.
-
Фотографии
-