АЛАМАН ДОДА ШЕБЕРЛЕРІ
Күллі түркі әлемі көз тіккен дүбірлі дода – Көшпенділер ойынында қазақтың қолөнершілері шеберлігін көрсетті. Аламанға елімізідің түкпір-түкпірінен 1000-нан аса құрақшы келіп қатысты.
Қазақ өнерін паш етуге атсалысқан шеберлердің арасында Жаңаөзен арнайы мектебінің талантты шебер ұстаздары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Есенаманова Гүлайым Бақытжанқызы және Құрбаниязова Айжан Назарбайқызы бар.
Дүниежүзілік дода аясында аламан құрақ қатысушылары бір мезгілде 450 көрпе тігіп, Гиннесс рекордын жаңартып, арнайы сертификатпен марапатталлды.
Қазақ халқының ұлттық құндылығын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, ұлықтап келе жатқан әріптестерімізге сәттілік тілейміз.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-