БЕДЕЛДІ БАСШЫ – БІЛІКТІ МАМАН
Бағысова Баян Қапезқызы үздік білім ордасы болып саналатын Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының «Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сабақ беріп, мол тәжірибесі арқылы басшы лауазымына көтеріліп, көпшілікке танылып үлгерді. Мектеп басшысы ретінде білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың сәтті жақтарын анықтай отырып, білім беру саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Баян Қапезқызы өз мектебінің бірнеше жылдар бойына даму болашағын көретін стратег, өзінің озық тәжірибесімен ұстаздар құрамына шабыт беретін адам. Басқарудың инновациялық технологияларын құрып және қолдана алатын шығармашылық тұлға.
Білікті басшы Баян Қапезқызы басшылық еткен жылдары мектеп көптеген кәсіби жетістіктерге жетті. Солардың бірі – Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ең үздік ұйым - 2019» аталымына ие болды. 2022 жылы мектеп Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ең үздік ауыл мектебі-2022» жеңімпазы атанды.
Баян Қапезқызы өзінің қалтқысыз еңбегінің арқасында ең жоғарғы марапат – «Ыбырай Алтынсарин» және «Еңбек ардагері» төс белгілерінің иегері атанды.
Баян Қапезқызы тек білікті басшы, ұстаз ғана емес, отбасында аяулы ана, сүйікті әже, ағайын – туыс арасында беделді – абыройлы тұлға. Бір салада талай жыл тер төгіп, жауапты жұмысының тасын өрге домалату үшін білімі мен еңбегін аямаған Баян Қапезқызы құрметті зейнет демалысына шықсада әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.
-
Фотографии
-