АҚТӨБЕДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КЕЛІСІМ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Әріптестік туралы салалық және облыстық келісім бойынша педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, санат бойынша педагогтарға ақы төлеу мәселесі.
Аймақ ұстаздарын толғандырған осы және өзге де сұрақтар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен семинарда айтылды. Zoom платформасында өткен онлайн семинарға Хромтау, Қарғалы ауданындағы білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен аудандық білім бөлімінің басшылары қатысты.
Алдымен кәсіподақ төрағасы Раушан Серікова білім саласының өкілдерін жаңа оқу жылымен құттықтап, педагог мәртебесі туралы заң аясында атқарылуы тиіс мәселелерге жіті тоқталды. Педагогтер тарапынан түскен сауалдарға заң аясында жан-жақты жауап беру мақсатында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының құқықтық еңбек инспекторы, бас маман Александр Алимпиев пен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша маман Нұрлан Жетпісбай құқықтық кеңес беріп, әріптестік туралы салалық және облыстық келісімнің тармақтары туралы баяндады.
Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Білім қызметкерлеріне арналған семинар алдағы күндері Мәртөк, Қобда, Алға, Байғанин, Шалқар, Ырғыз, Темір, Ойыл, Әйтеке би аудандарында жалғасады.
-
Фотографии
-