ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГЗІЛДІ
Кәсіподақтың міндеті - ұжымдық шарттың барлық тармақтарының орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру.
Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің Ұлан аудандық кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес төраға Г.Т. Қабдрахманова, ШҚО жергілікті кәсіподағының бас маманы И.Н. Соколов және бас есепші К.М. Әбдірахманова Ұлан ауданының бірқатар мектептерінде болды.
Мектептерге бару мақсаты - Бірыңғай ұжымдық шартты, атап айтқанда 1.20-тармақты орындаудың, онда жұмыс берушінің актілері бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша қабылдануы керектігін аңықтау - бұл ішкі тәртіп ережелері, оқу сабақтарының кестесі, жұмыс және демалыс кестелері, мұғалімдердің оқу жүктемесі және т. б.
Мектептерге бару қорытындысы бойынша актілер жасалды. Кездесу барысында маңызды мәселелер көтерілсе де, ең бастысы еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету, ұжымдық шартты орындау мәселелері болып қала береді.