КӘСІПОДАҚ - СЕНІМДІ КҮШ!
Cалалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетіне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары арасында “Кәсіподақ - күш, сенім, абырой” атты көңілді эстефета өткізілді.
Мақсаты:
Кәсіподақтың 100 жылдығы аясында Кәсіподақтың мәртебесін көтеру;
Салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа бейімдеу;
Достық қарым-қатынасын нығайту;
Шыдамдылыққа, төзімділікке, адамгершілікке және адалдыққа баулу.
Жарыс кезеңдері:
1. "Бірлікпен алға" – Әр команда өз ұранымен таныстырады.
2. "Кедергілерді жеңеміз" – Кедергілер арасымен жылдамдыққа жүгіру.
3. "Жетекшімен бірге" – Топ жетекшісі сақиналы шеңбермен топты алып жүру және белгіленген мәреге жетіп, кейін қарай тобымен бірге жүгіру.
4. "Секіріп алға, секіріп кейін" – Допты аяқпен қысып алып секіріп, белгіленген жердегі қапты киіп секіріп айналып келу және қайтадан допты қысып алып секіріп қайту.
5. "Жылдамдықпен көшбасшыны алға шығарамыз" – Барлық қатысушы командалар отырып, ең соңғы қатысушы алдыңғы қатарға отыру арқылы жылдамдықпен белгіленген жерден айналып келу.
6. "Күш пен бірлік" – Арқан тартыс.
Эстафетаға бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысып, күш-жігерлері мен командалық рухын көрсетті. Кәсіподақ ұйымының ұйымшылдығы мен бірлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Нәтижесінде:
1 орын алған “Бірлік” тобы;
2 орын алған “Жалын” тобы;
3 орын алған “Тұран” тобы;
“Ең ұйымшыл топ" номинациясымен “Самрұқ” тобы;
”Ең белсенді топ" номинациясымен “Көк бөрілері” тобы;
“Көңілді спортшылар" номинациямымен “Құрмет” тобы;
“Ең көңілді команда” номинациясымен “Лашын” тобы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
-
Фотографии
-