ШИЕЛІДЕ КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орай Қызылорда облысы, Шиелі ауданында білім саласы қызметкерлері арасында өткізілген республикалық «Кәсіподақ барысы» турнирінің аудандық кезеңі өз мәресіне жетті!
Турнирдің ашылу салтанатына Қызылорда облыстық білім қызметкерлер кәсіподақ ұйымының төрағасы Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ауданымыздың білім саласындағы қызметкерлері боз кілемде нағыз ерік-жігер мен мықтылықтың үлгісін көрсетті. Турнир барысында қатысушылар дене күштерімен қатар табандылық пен қайсарлықтарын, спорттық рухтарын танытты.
Аудандық турнирге 52 сала қызметкерлері қатысты.
70 келіден жоғары салмақта орын алған мектептер
1 орын - № 156 Н.Бекжанов атындағы орта мектебі
2 орын - №207 орта мектебі
3 орын - №207 орта мектебі
3 орын - №159 орта мектебі.
90 келіден жоғары салмақта орын алған мектептер
1 орын- №133 негізгі мектебі
2 орын -№214 орта мектебі
3 орын -№46 мектеп-лицейі
3 орын -№251 орта мектебі.
Әрбір белдесу қызықты әрі тартысқа толы болып, барлық қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсетті. Жеңімпаздар алдағы облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайды. Оларға сәттілік тілейміз және ең үздік нәтижеге жететіндеріне сенеміз!
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жігерліліктері үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!
-
Фотографии
-